БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 591-283;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сату департаменті:

+7 (7172) 591-265, 591-276.

 

Р.Д. Әзімовті еске алу

2020 жылы 10 желтоқсанда 68 жастағы аграрлық саланың көрнекті қайраткері, тиімді басқарушы, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидатыӘзімов Руслан Жұмабайұлы өмірден өтті.

Руслан Жұмабайұлы бүкіл өмірін ауыл шаруашылығына арнады, отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосты.

Ғалым агроном мамандығы бойынша жас кезінен бастап ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз ғылыми қызметпен айналысқан.

Мәскеу қаласында В.Р. Вильямс атындағы жем-шөпді ғылыми-зерттеу институтының аспиранты бола тұра, сонымен бірге В.Р. Вильямс атындағы Бүкілодақтық жем-шөпті ғылыми-зерттеу институтының далалық жемшөп өндірісі бөлімінде еңбек етіп, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Бұрынғы Кеңес мемлекетінің бүкілодақтық деңгейінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты бола отырып, ғылымды эмпирикалық және теориялық тұрғысынан игерген Руслан Жұмабайұлы туған жері – Қазақстанға оралып, өзінің білімін кеңестік Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында қолдана бастады. Қазақстандағы еңбек жолын Алматы облысындағы аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің бас агрономынан бастады.

  Кейін қажырлы еңбек, тәжірибе мен білімнің арқасында Руслан Жұмабайұлы Алматы облысының агроөнеркәсіптік комитетінің қарапайым жетекші маманынан бастап, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне дейінгі мемлекеттік қызметші жолынан өтті, осы қызметті 1997-1999 жылдары атқарды және кейіннен еліміздің жауапты және саяси лауазымдарына тағайындалды.

Азық-түлік корпорациясын Руслан Жұмабайұлы 2002 жылы басқарып, осы лауазымда 9 жылдан аса компанияға басшылық етті.

Оның шебер басшылығымен Азық-түлік корпорациясы астық нарығында үлкен жетістіктерге жетті.

Азық-түлік корпорациясының астықты сатып алу және экспорттау көлемі ұлғайды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында неғұрлым сұранысқа ие қаржылық қолдау құралы – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру одан әрі дамыды

Руслан Жұмабайұлы басшылық еткен кезең ішінде Азық-түлік корпорациясы саладағы бірқатар серпінді инвестициялық жобаларды табысты іске асырды. Қазақстандық астықтың экспорттық инфрақұрылымын дамыту аясында Каспий теңізінде астық терминалдары пайдалануға енгізілді: Ақтау портындағы астық терминалының өткізу қабілеті кеңейтілді, Баку портында (Әзірбайжан) терминал мен диірмен кешені және Амирабад портында (Иран) астық терминалы салынды. Отандық мақташыларды қолдау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) шитті мақтаны бастапқы өңдеу бойынша заманға сай зауыт және мақтаның сұрыптық тұқымдық материалын өңдеу зауыты салынды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суару жүйесі сәтті ендіріліп, жеміс-көкөніс секторында бірқатар объектілер пайдалануға енгізілді.

Руслан Жұмабайұлы жұмыс істеген жылдары Азық-түлік корпорациясының астық нырығына барлық қатысушылармен ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнатылды, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін астық сақтаудың меншікті инфрақұрылымы құрылды, халықаралық қаржы институттарымен серіктестік қатынастар реттеліп, инвестициялар тартудың жаңа қаржы құралдары қолданылды.

Бүгінгі күні Руслан Жұмабайұлы негізін қалаған бағыттарды Азық-түлік корпорациясы дамытуды жалғастыруда.

Руслан Жұмабайұлының асыл тұлғасы мен жасаған ісі Азық-түлік корпорациясы және еліміздің бүкіл ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыскерлердің естерінде және жүректерінде мәңгі қалады.

 

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ

Басқарма Төрағасы

Қ.Қараулов