БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 591-283;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сату департаменті:

+7 (7172) 591-265, 591-276.

 

Ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу шарттары бойынша сатып алу бағаларына қатысты ақпараттық хабар

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі өтініштеріне байланысты «Азық-түліккелісім шарткорпорациясы»ҰК»АҚ келесідей түсініктер береді.

«Азық-түліккелісім шарткорпорациясы»ҰК»АҚ-қа форвардтық сатып алу шарттары бойынша астық келіп түсіп жатыр. Сатып алу бағаларын жариялаған күннен бір апта ішінде 60мыңтоннадан артық астық келіп түсті.

Форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағаларының ұлғаю жағына қарай өзгеруі болмайды.

2020 жылғы өнімнің астығын форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысқан және өздерінің міндеттемелерін уақытылы, толық көлемде орындаған жеткізушілер үшін келесі 2021 жылы форвардтық сатып алуды жүзеге асырған кезде тиімдірек шарттар әзірлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар 2020 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысқан өнім берушілердің өтініштеріне  байланысты 27% клейковинасы бар 3-класты бидай үшін ылғалдылық көрсеткіші 14%-ға дейін ұлғайғанын атап өту қажет. Естеріңізге сала кетейік, бұрын белгіленген параметрлерге сәйкес 3-класты бидай үшін 27 % клейковинасы бар ылғалдылық көрсеткіші 13,5%-дан аспады.