БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 591-283;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сату департаменті:

+7 (7172) 591-265, 591-276.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға тиесілі дүкен-кеңсені сату бойынша бағаны көтеру тәсілімен электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өзінің бейінді емес активтерін сату және шығындарды оңтайландыру шеңберінде компанияға тиесілі және Нұр-Сұлтан қаласы, Генерал Сабыр Рақымов көшесі, 22-үй, ПН-16 мекен-жайы бойынша орналасқан дүкен-кеңсенің (бұдан әрі – мүлік) сату бағасын көтеруге электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аукцион мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жүзеге асырылады. Аукционға өтінім беру тәртібі және аукционға қатысу ережелері веб-порталда көрсетілген (www.gosreestr.kz).

Аукцион 2020 жылғы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де өтеді.

Аукционға қатысуға өтінімдер тізілімнің веб-порталында (www.gosreestr.kz) кепілдік жарна түскеннен кейін 2020 жылғы 30 қыркүйек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08.00-ге дейін қабылданады.

Алдағы сауда-саттықтың ерекшелігі – мүліктің сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мүлікті сату бағасының 30%-ы мөлшерінде мүлікті сатып алу-сату шарты бойынша аванстық төлем талабымен өткізілетіндігінде. Кепілдік жарна жеңімпаз деп танылған жағдайда тиесілі аванстық төлемнің есебіне есептеледі. Қалған сома міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ кепілдік бере отырып, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап үш жыл ішінде жалпы құнын төлеу есебіне жатқызылатын ай сайынғы/тоқсан сайынғы/біржолғы төлемдер түрінде енгізіледі.

Аукционға www.gosreestr.kz сайтында тіркелген және мүліктің бастапқы құнының 15% мөлшерінде кепілдік жарна төлеген барлық жеке және заңды тұлғалар қатыса алатынын естеріңізге саламыз.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, Нұр-Сұлтан қ., Мәскеу к-сі, 29/3, 108-каб., тел. +7 (7172) 591-260. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукционға қатысу тәртібі туралы сұрақтар бойынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ға +7 (7172) 552-981 (ішкі. 110, 114)телефондарына хабарласыңыз.