БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 591-283;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сату департаменті:

+7 (7172) 591-265, 591-276.

 

Қостанай облыстық өкілдігі

Қостанай облыстық өкілдігінің негізгі міндеттері мен функциялары:

  • ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, есепке алу, өткізу және сақтау кезінде, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде азық-түлік корпорациясының мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Азық-түлік корпорациясы сатып алатын астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
  • сотта, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Азық-түлік корпорациясының тиісті сенімхаты негізінде Азық-түлік корпорациясының мүдделерін қорғау.

Қостанай облыстық өкілдігінің директоры

ТӨРЕЖАНОВ Мирас Сейдеғалиұлы

Қостанай облысында 1968 жылдың  28 мамырында дүниеге келген.

1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын «Ғалым агроном» мамандығы бойынша,  2000 жылы Заманауи гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады, 2005 жылы Алматы қаласында МВА бағдарламасы бойынша «Басқару маркетингі» курсын аяқтағаны үшін сертификатпен марапатталды,  2014 жылы  М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын 1992 жылы «Авангард» совхозының №3 бригадасының агрономы болып бастаған, осы шаруашылықта бригадир, агроном, директор ретінде жұмыс атқарды.

Әр жылдарда «Ақбұлақ» КК-да директоры, «Қайнар» АҚ 1-ші вице президенті қызметтерін атқарды.

1999 – 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі астық инспекциясы өкілдігінде Қостанай облысының ветеринарлық қадағалау департаментінде бас маман, «Қостанай орманы» РМК-да Қарабалық филиалының басшысы, директордың ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Басаман филиалының басшысы, «Бағаналы» МКК-да директор болып істеді.

2003-2010 жылдары «Қазпочта» АҚ-да АТО басшысы, директордың орынбасары болып жұмыс атқарды.

2010 жылдың қазан айынан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры.

2011 және 2017 жылдары Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның 2018 жылы Алғыс Хатымен, 2011 жылы Қостанай облысы әкімінің грамотасымен, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Байланыс ақпараты:

Тел.: +7 (7142) 99-05-90 (ішкі 2681) - директор

+7 (7142) 99-05-90 (ішкі 2682) – директордың орынбасары

+7 (7142) 99-05-90 (ішкі 2683) – сатып алу мәселелері бойынша

+7 (7142) 99-05-90 (ішкі 2697) – жөнелтілім мәселелері бойынша

Е-mail: M.Turezhanov @fcc.kz

Орналасқан жері: P01F5G1, Қостанай қ.,Тәуелсіздік к-сі, 147