Қазақстандағы облыстық өкілдіктердің негізгі міндеттері мен функциялары

  • ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, есепке алу, өткізу және сақтау кезінде, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде азық-түлік корпорациясының мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Азық-түлік корпорациясы сатып алатын астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
  • сотта, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Азық-түлік корпорациясының тиісті сенімхаты негізінде Азық-түлік корпорациясының мүдделерін қорғау.

Қытай Халық Республикасындағы шетелдік өкілдіктің негізгі міндеттері мен функциялары

  • Қазақстан астығын өткізу нарықтарын кеңейту;
  • жалпы Қазақстанның астық және экспорттық позицияларының сенімді жеткізушісі ретінде Азық-түлік корпорациясының халықаралық беделін нығайту;
  • сотта, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Азық-түлік корпорациясының тиісті сенімхаты негізінде азық-түлік корпорациясының мүдделерін қорғау;
  • Азық-түлік корпорациясының жарғысына және Қытай Халық Республикасындағы Азық-түлік корпорациясының өкілдігі Ережесіне сәйкес өкілдікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.