БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 591-283;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сату департаменті:

+7 (7172) 591-265, 591-276.

 

Сатып алу шарттары

2021 жылға арналған «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу шарттары

Электрондық нысанда форвардтық сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері Азық-түлік келісім шарт корпорациясының интернет-ресурсында: www.fcc.kz рәсімделеді, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштаға жіберіледі.

Әлеуетті өнім берушілерден форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдер қағаз нысанда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде берілуі мүмкін.

1. Форвардтық сатып алуды қаржыландыруды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

кепілдікті ұсынғаннан кейін алдын ала төлем;

ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізгеннен кейін күзгі кезеңде қосымша ақы.

2. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері: жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.), қатты бидай (Triticum durum Desf.), арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс, майлы зығыр, рапс, соя.

3. Форвардтық сатып алу арқылы сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне алдын ала ақы төлеу мөлшері және сатып алу көлемі:

№ р/с

Дақылдардың атауы

Алдын ала төлем мөлшері,

теңге / тонна

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі, тонна

ҚҚС төлемейтіндер үшін

ҚҚС төлеушілер үшін

1

Жұмсақ бидай
(Triticum aestivum L.)

45 000

50 000

477 000

2

Қатты бидай
(Triticum durum Desf.)

45 000

50 000

20 000

3

Арпа

35 000

40 000

30 000

4

Сұлы

35 000

40 000

5 000

5

Қарақұмық

62 000

70 000

5 000

6

Күнбағыс

62 000

70 000

30 000

7

Майлы зығыр

62 000

70 000

10 000

8

Рапс

62 000

70 000

5 000

9

Соя

62 000

70 000

5 000

 

4. Міндеттемелердің орындалуының кепілдемесі – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі немесе Азық-түлік келісім шарт корпорациясының контрагент-банктерінің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша белгіленген лимиттер шегінде екінші деңгейдегі банктің кепілдігі;

5. Міндеттемелерді орындау мерзімі:

1) бидай, арпа, сұлы жеткізу кезінде - 2021 жылғы 15 қарашаға дейін;

2) қарақұмық, күнбағыс, зығыр, рапс, соя жеткізу кезінде - 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін.

6. Жеткізу шарттары – EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020) Корпорация анықтаған астық қабылдау кәсіпорындарына.

7. Алдын ала төлем сомасын ақша қаражатымен қайтаруға жол берілмейді.

8. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бағаларын Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жеткізу кезеңінде нарықта қалыптасқан бағаларға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлеміне, негізгі шекара өткелдеріндегі ұқсас ауыл шаруашылығы өніміне экспорттық бағаларға байланысты белгілейді.

9. Форвардтық сатып алу жүзеге асырылады:
1) Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігімен:
a) 2020 жылғы форвардтық сатып алу шартының талаптарында көзделген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді тиісті тәртіппен орындаған өнім тапсырушылардан;
b) 2020 жылы корпорацияның ауыл шаруашылығы өнімін тікелей сатып алу бойынша 100 тонна және одан жоғары көлемде өткізген өнім тапсырушылардан;
с) 2020 жылғы форвардтық сатып алу бойынша өз міндеттемелерін ішінара (алдын ала төлем сомасына көлем) орындаған және тікелей сатып алу бойынша ауыл шаруашылығы өнімін 100 тонна және одан жоғары көлемде жеткізген өнім тапсырушылардан;
d) алдын ала төлем мөлшерінен астам сома көлемінде 2020 жылғы форвардтық сатып алу бойынша өз міндеттемелерін ішінара орындаған өнім тапсырушылардан;
e) 2020 жылғы форвардтық сатып алуға қатыспаған өнім тапсырушылардан. Бұл ретте осы өнім тапсырушыларды қаржыландыру: егіс алаңының 2 гектарына ауыл шаруашылығы өнімінің 1 тоннасы есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте өнім тапсырушы бірлескен қызмет/консорциалдық келісім шарттары бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің басқа субъектілерінің жерлерінде форвардтық сатып алуға қатысқан жағдайда бірлескен қызмет туралы шарттың/ консорциалдық келісімнің барлық тараптарына осы тармақтың A), b), c), d), e) тармақшаларында көрсетілген өнім тапсырушыларға көзделген шарттар қолданылады.
2) банк кепілдігімен:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өнім тапсырушылардан. 
 
10. Форвардтық сатып алуға қатысатын жеткізушілерге қойылатын талаптар:
1) салықтарды төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешектің болмауы;
2) қаржы институттары алдында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) оңалту рәсімін қолдану туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімдері бар дәрменсіз борышкерлердің тізімдерінде болмауы, сондай-ақ сомаларды өндіріп алу/міндеттемелерді мәжбүрлеп орындау туралы орындалмаған сот актілерінің болмауы;
4) сот актілерімен және/немесе қылмыстық/азаматтық/әкімшілік істер материалдарымен белгіленген астықтың нақты болуымен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттарын Азық-түлік корпорациясының пайдасына беру фактілерінің болмауы;
5) Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен даулы құқықтық қатынастардың болмауы;
6) Азық-түлік келісім шарт корпорациясының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де талаптарды қамтуға тиіс. 
 
11. Азық-түлік келісім шарт корпорациясының 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өнім тапсырушыларды банктік кепілдігі арқылы қаржыландыруға жол беріледі. 
 

Әлеуетті өнім берушілердің форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдері Азық–түлік келісім шарт корпорациясының интернет-ресурсында (www.fcc.kz) электрондық нысанда, немесе мынадай мекенжайлар бойынша Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде қағаз нысанында қабылданады:

Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 30, кеңсе 206, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.

 

Форвардтық сатып алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталық аппаратына хабарласуға болады:

8 (717-2) 59-12-32 (іш. 2373, 2275), 59-12-75, 59-12-39, 59-12-65.

 

Өтінім беру