Телефон: +7 (7172) 591-232;
Факс: +7 (7172) 591-283;
E-mail: mail@fcc.kz;
Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.
Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сату департаменті:
+7 (7172) 591-265, 591-276.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 22 қазандағы шешімімен Корпорацияның еншілес ұйымы - «Сарапшы аграрлық компания» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) құрылды,Корпорация жарғылық капиталда 100 % үлесі бароның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
«Сарапшы аграрлық компания» ЖШС - коммерциялық кәсіпорын, компанияның стратегиясы төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асыру арқылы пайда алу болып табылады:
Компания 2008 жылдан бастап АӨК дамыту шеңберінде еліміздің өңірлерінде жеміс-көкөніс кластерін құруға және дамытуға қатысып келеді - «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді дамыту» (Оңтүстік Қазақстан облысыжәне Алматы облысы), «Астана қаласы аумағының азық-түлік белдеуі шеңберінде жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісін дамыту» және «Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме базарының құрылысы (өңірлік терминалдармен)»
Еншілес компаниялары:
2011 жылы 2 наурызда Алматы қаласы мен Алматы облысының халқының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы аумағының азық-түлік белдеуі жүйесін құру және одан әрі қолдауға қатысу мақсатында құрылды.
Сондай-ақ, ҚР жеміс-көкөніс кластерін дамыту мақсатында, Агрофирманың базасында 2010 жылдан бастап «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді және өңдеуді дамыту» инвестициялық жобасын іске асыруға кірісті.