БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауылшаруашылық тауар өндірушілерден астықты форвардтық сатып алудың басталуы туралы хабарлайды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ауылшаруашылық тауар өндірушілерден астықты форвардтық сатып алудың басталуы туралы хабарлайды

 

Форвардтық сатып алудың негізгі шарттары:

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде контрагент бизнесінің акционерлері/қатысушылары/жеке меншік иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерін (үшінші тұлғалардың кепілдіктері) ұсыну;

алдын ала төлем мөлшері:

Triticum aestivum L. 3 класс бидай үшін - 1 тоннасына 52 000 теңге (ҚҚС төлеушілерге), 1 тоннасына 46 429 теңге (ҚҚС төлемеушілерге);

2 класс арпа үшін - 1 тоннасына 43 000 теңге (ҚҚС төлеушілеріне), 1 тоннасына 38 393 теңге (ҚҚС төлемеушілерге) теңге,

бидайды және/немесе арпаны жеткізген соң, сараланған түрде сатып алынатын астықтың сапалық көрсеткіштеріне байланысты, мәлімделген сатып алу бағасынан қалған айырманы кейін қосымша төлеу;

жеткізу мерзімі – 2019 жылғы, қоса алғанда, 1 қазанға дейін.

 

Форвардтық сатып алу келесі талаптарға сай келетін астық өндірушілерінен жүзеге асырылады:

кемінде 3 жыл астықты өсіру бойынша қызметті жүзеге асыру;

Корпорациямен бұрын жасасқан форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді тиісті орындау, бұл ретте, кем дегенде 1 жылғы орындауы астықты жеткізу болуы тиіс;

екінші деңгейлі банктердің, «ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының және басқа да қаржылық ұйымдардың, сонымен қатар, осындай ақпарат болған кезде, үшінші тұлғалардың алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;

ағымдағы күнге сот шешімі бойынша банкрот болып танылған дәрменсіз борышкерлердің тізімдерінде болмауы;

2018 жылғы қаңтардан бастап ағымдағы күнге дейінгі кезеңде банкроттық пен оңалтудың қозғалған рәсімдерінің болмауы;

астық өндірушісіне, кепілгерге (контрагент бизнесінің акционеріне/қатысушысына/жеке меншік иесіне) қатысты соманы өндіріп алу/міндеттемелерді мәжбүрлі орындау туралы сот актілерінің болмауы;

Корпорациямен даулы құқықтық қарым-қатынастардың болмауы.

 

Аталған бағдарламаға қатысуға арналған өтінімдер келесі мекенжайлар бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның облыстық өкілдіктерінде қабылданады:

Ақмола облысы: Көкшетау қ., М. Горький көшесі, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;

Шығыс-Қазақстаноблысы: Өскемен қ., Головков көшесі, 30, 206-кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;

Қостанайоблысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-39-64, 53-29-12;

Солтүстік-Қазақстаноблысы: Петропавл қ., Партизанская көшесі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.

 

Қосымша ақпарат Сізге мына мекенжай бойынша ұсынылады:

Нұр-Сұлтан қ., Мәскеу көшесі, 29/3, тел.: (8 717-2) 59-12-48, 59-12-73, 59-12-65