БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Жалпы ақпарат

Құрылу тарихы

Қазақстанда мемлекеттік астық дайындау Қазақ АКСР Кеңестерінің съезінде Азық-түлік жөніндегі халық комиссариаты құрылған 1920 жылдан бастап жүргізіледі.

Кейін Азық-түлік жөніндегі халық комиссариаты бірнеше рет қайта құрылып, атауы өзгерді. Ол Қазақ АКСР дайындау комитетінің басқармасы, Қазақстан астық өнімдері министрлігі, Дайындау министрлігі болып өзгерді. Ведомствоның басты қызметі – республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоспағанда, оның міндеттері мен қызметтері өзгерді.

Астықты мемлекеттік сатып алудың жаңа тарихы 1995 жылы басталды. Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу және агроөнеркәсіп кешеніне жаңа несие және төлем механизмдерін дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 309 қаулысымен Мемлекеттік азық - түлік келісім шарт корпорациясы құрылды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысына сәйкес, мемлекеттік ресурстарға астық және одан өңделген өнімдерді сатып алу жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік азық - түлік келісім шарт корпорациясы оның жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің   2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқығы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ-қа берілген болатын.  

2007 жылғы 5 шілдеде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамына «Ұлттық компания» мәртебесі берілді.  

 

Бүгінгі Корпорация

·   азық-түліктік астықтың резервтік қорының сандық-сапалық сақталуы арқылы елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;

·  ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экпорттың дамуына жәрдемдеседі;

·  Корпоративтік басқарудың үздік практикасына сәйкес басқару менеджментінің жоғары стандарттарын қолданады.