БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Жалпы ақпарат

Бірыңғай астық холдингі (БАХ) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында құрылды.

БАХ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ және «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ арасында Бірлескен қызмет туралы шарт (Шарт) жасасу арқылы, яғни заңды тұлға құрылмай, қарапайым серіктестік нысанында  2013 жылғы 21 маусымда құрылды.

БАХ қатысу ашық әрі ерікті, кез келген астық нарығына қатысушы  БАХ-қа бірігуге және одан шығуға құқығы бар (Шартта көзделген тәртіпте).

БАХ қаысушылары тең құқылы, сондай-ақ өзінің заңды және шаруашылық дербестігін сақтайды. Холдингке қатысу оның қатысушыларының қаржылық, мүліктік немесе өзге де, оның ішінде БАХ басқару органдарын ұстауға  жарналарды енгізуді талап етпейді. 

БАХ шеңберіндегі бірлескен қызмет астық өндіру, оны одан әрі ішкі және сыртқы нарықтарда сату және БАХ қатысушылары арасында алынған кірістерді бөлуден тұрады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның жеті облысынан 110 астық өндіруші БАХ қатысушылары, олар 200-ден 20 000 га-ға дейін егіс алаңы бар ұсақ және орта шаруашылықтар. Олардың ішінде көпшілігі немесе 80%-ға жуығы 5 000 гектарға дейін егіс алаңы бар шағын шаруашылықтарға жатады. Бірыңғай астық холдингіне кірген астық өндірушілердің жалпы егіс алаңы  бүгінгі күні шамамен 440 мың га құрайды.