БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

БАХ жаңалықтары

«Астық холдингінің жұмысы жүріп жатыр» - Қазақстан фермерлер одағының баспасөз қызметінің хабарламасы 

 

10.04.2014

Биылғы жылғы егін егу жұмыстарын қаржыландыру кезінде Бірыңғай астық холдингінің мүшелерінде басымдылық болу керек деп есептейді Қазақстан фермерлер одағында. БАХ басқарушы холдингі көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірледі.

Ұсыныстардың бірі БАХ мүшелерін қаржыландыруға өтініш берілген барлық егін егетін жер көлемдерінің есебінен жүргізілуі тиіс.

- қаражаттың тапшылығынан әкімдіктер бөлінетін қаражатты облыстың барлық шаруашылықтарына әрдайым бөліп, тарататыны белгілі және нәтижесінде нақты шаруа 1 га-ға  тиісті 6 мың теңге емес, одан аз алады. Сондықтан БАХ мүшелері жеке бөлек қаржыландырылуы тиіс,  әкімдіктердегі үйлестіру кеңестері жасайтын тізім бойынша емес, тікелей Қазақстан фермерлер одағының тізімдемесі бойынша, - дейді Фермерлер одағының басшысы  Әуезхан Даринов.   

Еліміздің бас фермері осылай Бірыңғай астық холдингіне фермерлердің кіруі үшін экономикалық стимул құрылатынын баса айтады. Өйткені БАХ –қа кіру кезінде фермерлерге ешқандай да шектеулер жоқ, аталған шараларды холдингке мүше еместерге қатысты кемсітушілік деп айтуға болмайды.  

- Мемлекеттің жұмыстың әкімшілік әдістерімен іс-қимыл жасамай, фермерлерге асыра сілтемей, керісінше экономикалық негізде ынталандыруын біз тек қана қолдаймыз. Ұсынылып отырған құрал дәл осындай әдіс болып табылады, - деді Даринов.  

Осылай, ұсынылып отырған шаралар Мемлекет Басшысының Бірыңғай астық холдингін құру туралы идеясына шаруалардың сенімін арттырады, сонымен қатар күзде астықтың кепілді өтімімен БАХ-тың алдағы жұмысының орнықты негізін қалайды.    

Бірыңғай астық холдингінің Басқарушы кеңесі 10 адамнан тұрады, олардың бесеуі Азық-түлік келісім шарт корпорациясының мүддесін білдіреді, қалған бесеуі – Қазақстан фермерлер одағының өкілдері екенін баса айту қажет. Фермерлердің айтуынша,  Қазақстан фермерлер одағы мен Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бұл ұсыныстарды мүдделі құрылымдарда, мемлекеттік ұйымдарда бірлесіп орнықтыруға дайын.

2013 жылғы маусымдағы БАХ құрылған уақыттан бастап Қазақстан фермерлер одағы Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен бірлесіп көктемгі егін егу жұмыстары кезеңінде ұйымдастыру мәселелерін шешу және  БАХ қатысушыларын нақты қолдау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізді. 

Қазақстан фермерлер одағы мен Азық-түлік келісім шарт корпорациясының басшылығы БАХ-қа кірген шаруаларға қаншалықты нақты әрі уақытылы көмек көрсетілсе, бұл ҚР Президентінің 2012 жылы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалуына тікелей байланысты екенін түсінеді.

 

 

Бірыңғай астық холдингіне жаңа қатысушылар қабылданды 

 

14.02.2014

2014 жылғы 13 ақпанда Бірыңғай астық холдингінің Басқарушы кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 54 астық өндірушілерден Бірыңғай астық холдингіне кіруге келіп түскен өтінімдер мақұлданды. Осылай, бүгінгі күні 110 астық өндірушілер Бірыңғай астық холдингінің құрамына кірді, олардың астық дақылдарын егетін жалпы егіс алаңы 436, 8 мың га құрайды. 

Сонымен қатар, Басқарушы кеңестің мүшелері астық нарығындағы ағымдағы жай-күйді, сондай-ақ алдағы ынтымақтастық пен Бірыңғай астық холдингінің даму перспективаларын талқылады.  

 

 

Бірыңғай астық холдингі құрылған күннен бастап оның құрамына 56 астық өндірушілер кірді 

 

04.10.2013

2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша  Холдингке 56 астық өндірушілер кірді.

Осылай, Ақмола облысынан 36 АШТӨ, оның ішінде 19 ЖШС,16 ШҚ,  1 АҚ; Қостанай облысынан 14 АШТӨ (7 ЖШС, 7 ШҚ), Павлодар облысынан 1 ШҚ; Солтүстік Қазақстан облысынан  5 АШТӨ (1 ЖШС, 3 ШҚ, 1 ФҚ).

Бірыңғай астық холдингі қатысушыларының жалпы егіс алаңы 252 660 га құрайды. Олардың ішінде Ақмола облысында -191 994 га, Қостанай облысында -  52 019 га, Павлодар облысында - 5 527 га, Солтүстік Қазақстан облысында  - 3 120 га.

Бірыңғай астық холдингі 2013 жылғы 21 маусымда құрылды және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ арасында жасалған Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде қызметті жүзеге асырады. Астық өндірушілер Холдингке «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ- мен  Бірыңғай астық холдингіне бірігу туралы шартқа қол қою арқылы кіреді.

 

 

Е.Қ. Зикирин «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайланды

 

30.09.2013  

2013 жылғы 30 қыркүйекте  Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, отырыста А.С. Барлубаевтың Кеңестің құрамынан шығуы туралы өтініші қаралды. Ол Қоғамдық кеңесте Солтүстік Қазақстан облысынан Бірыңғай астық холдингінің қатысушыларының мүдделерін білдірген болатын.  

Бұған дейін белгілі болғандай, ағымдағы жылғы қыркүйекте Ақан Сабарұлы Барлубаев «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ компаниялар тобына жататын бөлімшелердің бірінің басшысы болып тағайындалған болатын.

Қазақстан фермерлер одағы босаған орынға Е.Қ. Зикириннің кандидатурасын ұсынған еді.  

Елтай Қайырбекұлы Зикирин «Полтавское» шаруа қожалығын басқарадыҚазақстан фермерлер одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткізілген жиналыста оның кандидатурасы жиналыс қатысушылары тарабынан қолдау тапты және Солтүстік Қазақстан облысынан Бірыңғай астық холдингінің қатысушыларының мүдделерін білдіру үшін Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңеске сайлауға ұсынылды. 

2013 жылғы 30 қыркүйектегі шешіммен Е.Қ. Зикирин «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің отырысында Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының астық өндірушілерінің Бірыңғай астық холдингіне кіру жөніндегі өтінімдері қаралды.

 

 

Бірыңғай астық холдингінде - жаңа қатысушылар  

 

12.09.2013

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) Астық нарығы жөніндегі комиссияның «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасында өткен 2013 жылғы 11 қыркүйектегі кезекті отырысында 2013 жылғы астық нарығының дамуының жай-күйі мен келешегі туралы мәселелер талқыланды, сондай-ақ Бірыңғай астық холдингіне (БАХ)  кіруге 24 шаруашылықтың өтінімдері қаралды.

Өтінімдердің барлығы мақұлданды. Қоғамдық кеңестің шешімінің негізінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астық өндірушілермен бірлескен қызмет туралы тиісті шарттарға қол қойды.  

Сонымен бірге қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қарауына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден БАХ-қа кіруге 37 өтінім келіп түсті.      

 

 

Бірыңғай астық холдингі жаңа қатысушылармен толықты  

 

29.08.2013

Еліміздің өңірлерінде Бірыңғай астық холдингін (БАХ) құру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясына Холдингке кіру туралы алғашқы өтінімдер келіп түсе бастады.

Осылай, Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңестің 2013 жылғы 16 тамыздағы №3 хаттамалық шешімімен Ақмола облысының шаруашылықтарынан үш өтінім мақұлданып, тиісті шарттарға қол қойылды.

Үстіміздегі жылғы 23 тамызда Азық-түлік келісім шарт корпорациясыБасқармасының оның өңірлік бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында осы шаруашылықтардың өкілдеріне салтанатты түрде олардың БАХ-қа кіруі туралы сертификаттар тапсырылды. 

Мен Ақмола облысы Ақмол ауылындағы Азық-түлік келісім шарт корпорациясының ақпараттық-түсіндіру тобының ең бірінші мәжілісіне шақырылдым. Жалпы Бірыңғай астық холдингі туралы ой маған ұнады.  Азық-түлік келісім шарт корпорациясы  біздің тұрақты серіктесіміз ретінде бізге қаржылай көмек көрсетеді. Сонымен бірге егін егу мен өсіруден басқа, оны тиімді сату да маңызды. Бұл ретте Азық-түлік келісім шарт корпорациясы  мен БАХ басты рөлді атқарады – деп атап айтты холдингке алғашқы қатысушы «Ахмедия» ЖШС-нің директоры Тимур Пшенов.  

Сонымен қатар, отырыс барысында Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктері мен астық базаларының 2013 жылдың егінін қабылдауға дайындығы туралы мәселе, сондай-ақ 2013-2014 маркетингтік жылдарындағы БАХ қызметінің жоспары қаралды.

 

 

Бірыңғай астық холдингіне аграрияларды тарту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

 

24.07.2013 ж.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы), Қазақстан фермерлер одағы және «Атамекен» одағы» ҚҰЭП Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылғы 12 шілден бастап 23 шілдені қоса алғандағы кезеңде Ақмола облысының Целиноград ауданы Ақмол, Еңбекшілдер ауданы Степняк, Атбасар ауданы Атбасар кенттерінде Бірыңғай астық холдингіне (БАХ) қатысуға астық өндірушілерді тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде көшпелі отырыстар өткізді. Отырыстар ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары  Б. Сағынтаев бекіткен БАХ құру және ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

 

 

Отырыстар барысында аграриялар олардың БАХ-қа кіруінің артықшылықтары, олардың ішінде көктемгі-жазғы қаржыландыруға басым қол жетімділік, өндірілген астықты кепілді сатып алу, оны сатудан түскен пайданы бөлуге қатысу, мүшелік жарналарға қажеттіліктің болмауы, қатысушылардың құрамына қосылу және одан шығу еркіндігі және т. б. туралы егжей-тегжейлі түсіндірулер алды.

Астық өндірушілердің алдында Азық-түлік келісім шарт корпорациясының, Қазақстан фермерлер одағының, облыс әкімдігінің өкілдері сөз сөйледі. Өз кезегінде жиналған аграриялар өздерінің сұрақтарын қоюға және БАХ жұмысын одан әрі ұйымдастыру бойынша тілектерін жеткізу мүмкіндіктерін алды. Отырыстар сындарлы және жемісті диалог аясында өтті.

Өткізілген іс-шаралар шеңберінде алынған тәжірибе басқа облыстарда көшпелі ақпараттық-түсіндіру отырыстарын өткізу кезінде кеңінен қолданылатын атап өткен жөн.

 

Анықтамалық ретінде 

Бірыңғай астық холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы қаңтардағы кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасы бойынша құрылды.

БАХ Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және Қазақстан фермерлер одағы арасында Бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы 2013 жылғы 21 маусымда құрылды.

Шарттың шеңберінде астық өндірушілердің – құрамына «Атамекен» одағы» ҚҰЭП, Қазақстан фермерлер одағы, сондай-ақ бірқатар басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген БАХ қатысушыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қоғамдық кеңесі құрылды және өзінің алғашқы отырысын өткізді.

 

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшысы сайланды 

 

03.07.2013 ж.

Біртұтас астық холдингі (БАХ) қызметінің шеңберінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық нарығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өткізілді.  Отырыс «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінде өткізілді.

Кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің әрі қарай қызметін ұйымдастыру, 2013 жылғы II жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру мәселелерін қарастырды, сондай-ақ Кеңес төрағасы мен хатшысын сайлады.  

Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТҰ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев сайланды. 

Бұдан басқа, Біртұтас астық холдингінің қатысушыларының аясын кеңейту мақсатында Кеңес мүшелері Біртұтас астық холдингіне шаруашылықтардың кіруі және одан шығу шарттарын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ негізгі астық егумен айналысатын облыстардың астық өндірушілерінің арасында ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін талқылады. Аталған жұмысты «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК», «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ,  «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТҰ және облыс әкімдіктерімен бірлесіп астық өндірушілермен көшпелі кездесу серияларын ұйымдастыру арқылы а.ж. шілде айында жүргізу жоспарланады. 

Сонымен қатар, Кеңестің бірінші отырысында астық нарығының ахуалы мәселелері және ағымдағы маркетингтік маусымның аяғына дейінгі кезеңге баға конъюнктурасының келешегі талқыланды.

Астық нарығы бойынша қоғамдық кеңес «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК», «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ арасында 2013 жылғы 21 маусымда жасалған бірлескен қызмет туралы Шарттың қатысушыларының мүдделерін ұсыну мақсатында құрылды.  Кеңеске астық нарығының қатысушыларының барлық санаттарының,  «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТҰ және ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдері кірді. 

Қоғамдық кеңес Азық-түлік келісім шарт корпорациясының органдарымен шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезіндегі Шарттың қатысушыларының мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бейімделген. Қоғамдық кеңеспен міндетті келісуге сатып алынатын астықтың көлемі мен бағасын анықтау, сатылатын астық бағасын анықтау сияқты мәселелер, сондай-ақ Шартқа қатысушы – астық өндірушілердің арасында Азық-түлік келісім шарт корпорациясының таза пайдасын бөлу мәселелері жатады.  

2013 жылғы 21 маусымда Біртұтас астық холдингін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары аяқталғанын еске саламыз. БАХ шеңберіндегі бірлескен қызмет туралы шарт Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» және «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ арасында жасалды.

Айтып өткендей, Шарт Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ 2013 жылғы 23 қаңтардағы  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Біртұтас астық холдингін құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жасалды. Құжат астық өндірушілерді Біртұтас астық холдингіне  кіру және жұмысына қатысуға тарту үшін құқықтық негізді құрайды.  

 

 

Қазақстанда Бірыңғай астық холдингі құрылады

 

24.06.2013 ж.

 

2013 ж. 21 маусымда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Бірыңғай астық холдингі шеңберінде бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды. Осылай Бірыңғай астық холдингін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары аяқталды.

Шарт «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жасалды. Отандық астық өндірушілердің мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестік құжатты әзірлеушілердің бірі ретінде қызмет атқарды және Шартқа қол қойған астық нарығының алғашқы қатысушысы болды.  

Бірлескен қызмет туралы шарт Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында айтылған Бірыңғай астық холдингін  құру жөніндегі тапсырмаларды орындау шеңберінде жасалды.

Құжатта көрсетілгендей, Бірыңғай астық холдингі астық нарығына қатысушылардың олардың заңды және шаруашылық дербестігін сақтай отырып,  мынадай жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылады:

1) Астық өндірушілер – Шарттың қатысушыларына көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландырудың басым қол жетімділігін, сондай-ақ күзгі кезеңде  астықтың нарық бағасындағы кепілді өтімін қамтамасыз ету;

2) Астық сату және Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қызметінен түскен таза кірісті астық өндірушілер – Шарттың қатысушыларының арасында кейіннен бөлу; 

3) Астықты сақтау инфрақұрылымын және экспорттық ауыстырып тиеу бойынша объектілерді құру және дамыту.

Жасалған Шарт Бірыңғай астық холдингіне кіруге және оның жұмысына қатысуға астық өндірушілерді тарту үшін құқықтық негіз болып табылады. Шарттың қатысушыларының мүдделерін білдіру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясында Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Қоғамдық кеңес Азық-түлік келісім шарт корпорациясы органдарының шешімдерін толықтырып дайындау және қабылдау кезінде Шарт қатысушыларының мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді.

Сатып алынатын астықтың көлемі мен бағасын, астықты сату бағасын анықтау, сондай-ақ Азық-түлік келісім шарт корпорациясының таза пайдасын  Шарттың қатысушылары – астық өндірушілер арасында бөлу мөлшері мен мерзімдерін бекіту сияқты мәселелерді міндетті түрде Қоғамдық кеңеспен келіседі.

Шартқа қол қою рәсіміне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» ұлттық холдингі, сондай-ақ «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Шарт қатысушыларының ауқымын кеңейту үшін үстіміздегі жылғы шілдеде  Азық-түлік келісім шарт корпорациясы, Қазақстан фермерлер одағы және облыстық әкімдіктердің өкілдерімен  республиканың негізгі астық егетін өңірлерінің астық өндірушілерімен көшпелі кездесулер ұйымдастыру арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Кездесулер астық холдингін құрудың басты аспектілерін, сондай-ақ астық өндірушілерді бірлескен қызметке қатысуға тарту үшін  Бірлескен қызмет туралы шарттың негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған.