БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Тәртіптер

Ауылшаруашылық өнімді форвардтық сатып алу  

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Корпорация) алдын ала төлеу шарттарында ауылшаруашылық өнімді форвардтық сатып алуды жүзеге асырады. Ауылшаруашылық өнімді форвардтық сатып алу кезінде міндеттемелерді орындаудың қамтылымы ретінде:

1) екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері және/немесе;

2) өтімді жылжымайтын мүліктің/жылжымалы мүліктің кепілі қабылданады.

Форвардтық сатып алу кезінде, күзде (астықты жинағаннан кейін) жеткізілетін ауылшаруашылық өнім үшін көктемгі-жазғы кезеңде алдын ала төлеу жүзеге асырылады. Көктемгі-жазғы кезеңде Корпорация мен ауылшаруашылық тауарларды өндірушілердің арасында шарт жасалған кезде, ауылшаруашылық өнімді жеткізу көлемі көрсетілмейді.  Сатып алу бағалары ауылшаруашылық өнімді жеткізу кезеңінде Корпорациямен белгіленеді.   

Алдын ала төлеу сомасы мен сатып алу бағасын негізіне ала отырып, жеткізу көлемі анықталады. Сатып алу «франко-зауыты» EXW (Инкотермс-2010) жеткізу талаптарында Корпорациямен белгіленген астық қабылдау кәсіпорындарында жүзеге асырылады.  

ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда, 600 (алты жүз) тоннаға тең немесе оны артатын көлемінде ауылшаруашылық өнімді (АШӨ) сатып алу бойынша мәмілелер «Тауарлық биржалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.   

 

Жеткізу факті бойынша төлеу шарттарында ауылшаруашылық өнімді  сатып алу

Тура сатып алу: 

1) астық қабылдау кәсіпорындарынан астық сатып алу;

2) Қосарланған қарсы аукциондарға қатысу арқылы тауарлық биржада ауылшаруашылық өнім сатып алу; 

3) мемлекеттік мүлік тізбесінің веб-порталында астық қолхатын сатып алу;

4) астық қолхатынсыз қоймалардан ауылшаруашылық өнім сатып алу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкіін.

Сатып алу «франко-зауыты» EXW (Инкотермс-2010) жеткізу талаптарында Корпорациямен белгіленген астық қабылдау кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Жеткізілген ауылшаруашылық өнім ұшін төлеу Корпорациямен ауылшаруашылық өнімді жеткізгеннен кейін жүзеге асырылады.  

ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда, 600 (алты жүз) тоннаға тең немесе оны артатын көлемінде АШӨ сатып алу бойынша мәмілелер «Тауарлық биржалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.