БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Астықты сақтау

 

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) астығын сақтауды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау ережелеріне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

 

Ереже Корпорацияның иелігіндегі астықты сақтауға арналған астық қабылдау кәсіпорындарының (бұдан әрі – АҚК) тізімін (бұдан әрі – тізім) бекіту тәртібін, ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімі) сақтауға арналған қоймаларды таңдау тәртібін, ауыл шаруашылығы өнімін сақтауға арналған шарттар жасасу тәртібін, Корпорацияның ауыл шаруашылығы өнімдерінің сандық – сапалық жай-күйін есепке алу мен бақылау тәртібін айқындайды.

 

Қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы «Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» № 4-1/487 бұйрығына, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді», (бұдан әрі-жария шарттың үлгі нысаны) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 26 маусымдағы 2015 жылғы № 4-1/573 бұйрығымен бекітілген астықты сақтау қағидалары, корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарымен сәйкес жасақталған.

 

АҚК-мен Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жасалады (жария шарттың үлгі нысаны).

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 70-тен астам астық қабылдау кәсіпорындарымен, оның ішінде «Астық қоймалары» ЖШС өзінің еншілес компаниясының 4 астық қабылдау кәсіпорындарымен, астық сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 490 мың тоннадан астам келісім-шарт қатынастары бар.  Астық қабылдау кәсіпорны-меншік құқығында астық сақтау жүзеге асырылатын астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;

 

Астықты сақтау - астықты қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын қызметтердің технологиялық кешені;

 

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуді астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде облыстың жергілікті атқарушы органы беретін лицензия негізінде астық қабылдау кәсіпорындары жүзеге асырады.

 

 

 

Корпорацияның астығын сақтауға арналған АҚК тізімін бекіту тәртібі

 

 

 

АҚК тізімін бекіту Ауыл шаруашылығы өнімдерін басқару жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) құзыретіне кіреді.

 

Астық қолхаттарын шығара отырып, астық сақтауды Корпорация астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар АҚК жүзеге асырады.

 

Корпорацияның астығын сақтауға арналған АҚК тізімін бекіту және АҚК тізімге енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдаған кезде Комитет есепке алады:

 

1) АҚК-да астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы;

 

2) Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде АҚК тіркеу;

 

3) жылжымалы құрамның өтуі және АҚК аумағына жылжымалы құрамды (вагондарды, платформаларды) кедергісіз беру – әкету үшін АҚК-ға жапсарлас кірме темір жолдың болуы;

 

4) зертханада өлшеу жағдайын бағалау туралы куәлігі бар өндірістік-технологиялық зертхананың (бұдан әрі – ӨТЗ) болуы;

 

5) корпорациямен даулы құқықтық қатынастардың болмауы;

 

6) уақытша басқару АҚК қатысты жүргізу (енгізу туралы мәселені қарау) фактілерінің болмауы (тізімді бекіту күніне);

 

7) АҚК қатысты банкроттық/оңалту рәсімдерінің болмауы (тізімді бекіту күніне);

 

8) үшінші тұлғалар тарапынан АҚК-ға қатысты атқарушылық іс жүргізудің болмауы.