БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Инвесторларға

Іске асырылған инвестициялық жобалар

2006-2010 жылдардағы кезеңде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ қазақстандық астықты экспорттаудың көліктік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған  бірқатар инвестициялық жобаларды іске асырды, оның ішінде:

«Баку портындағы астық терминалының құрылысы және жабдықтау (Әзірбайжан)»

2006 жылы Баку теңіз портында әзірбайжандық серіктес - «Planet-L» компаниясы мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Ақ бидай-Терминал» АҚ бірлесіп, жылына 350 мың тоннаға дейін ауыстырып тиеу қуаты бар және бір мезгілде 15 мың тонна астық сақтай алатын сыйымдылығы бар астық терминалының құрылысы жөніндегі  «Баку астық терминалы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны құрылған болатын. Жобаның мақсаты Әзірбайжанның перспективалық нарығына бағдарланған қазақстандық астықтың экспортының көліктік инфрақұрылымын дамыту болды. Астық терминалы 2007 жылы сәуірде іске қосылды;

«Баку портындағы (Әзірбайжан) ұн тарту кешенінің құрылысы»

2009 жылы жұмыс істеп тұрған «Баку астық терминалы» ЖШҚ аумағында тәулігіне 150 тонна өндірістік қуаты бар ұн тарту кешені салынып, қолданысқа енгізілді. Жоба Әзірбайжан нарығына астықтың қайта өңделген өнімдерін шығаруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістің әртараптануының нәтижесінде экономикалық тиімділікті арттыруға  бағытталған;

«Ақтау теңіз портындағы астық терминалының өткізу мүмкіндігін арттыру»

2007 жылы Ақтау теңіз портында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Ақ бидай-Терминал» АҚ тиесілі астық терминалы қайта құрылды. Қайта құру нәтижесінде астық терминалының өткізу мүмкіндігі  22,5 мың тоннаға дейін артты. Жобаның мақсаты Қазақстанда астық саласын қолдау мақсатында қазақстандық астық экспортының көліктік инфрақұрылымын одан әрі дамыту болды;

«Амирабад  портындағы (Иран Ислам Республикасы) астық терминалының құрылысы және жабдықтау»

2008 жылы Амирабад  портындағы (Иран Ислам Республикасы) теңіз портында жылына 700 мың тоннаға дейін ауыстырып тиеу қуаты бар және бір мезгілде 53 мың тонна астық сақтай алатын сыйымдылығы бар астық терминалының құрылысы жөніндегі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Ақ бидай-Терминал» АҚ және ирандық әріптес  - «Бехдис Теджерат Альборз» компаниясымен бірлесіп, «Амирабад Грэйн Терминал Киш»  ЖШҚ бірлескен кәсіпорны құрылды. Жобаның мақсаты Каспий өңірі елдерінің нарығына және одан әрі әлемдік нарыққа шығу үшін қазақстандық астықтың экспортының көліктік инфрақұрылымын дамыту болды. Астық терминалы 2010 жылғы шілдеде пайдалануға берілді.