БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Компания туралы

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 22 қазандағы шешімімен Корпорацияның еншілес ұйымы  - «Сарапшы аграрлық компания» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) құрылды,Корпорация жарғылық капиталда 100 % үлесі бароның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.

«Сарапшы аграрлық компания» ЖШС  - коммерциялық кәсіпорын, компанияның стратегиясы төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асыру арқылы пайда алу болып табылады:

  • нарық конъюнктурасын зерделеу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қызметінің мониторингін жасау;
  • ауыл шаруашылығы бизнесін сараптау;
  • ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кепілдемелерді дайындау және беру;
  • брокерлік қызмет. 

Компания 2008 жылдан бастап АӨК дамыту шеңберінде еліміздің өңірлерінде жеміс-көкөніс кластерін  құруға және дамытуға қатысып келеді -  «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді дамыту» (Оңтүстік Қазақстан облысыжәне Алматы облысы), «Астана қаласы аумағының азық-түлік белдеуі шеңберінде жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісін дамыту» және «Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме базарының құрылысы (өңірлік терминалдармен)»

Еншілес компаниялары:

 

«NurAgro агрофирмасы» ЖШС

2011 жылы 2 наурызда Алматы қаласы мен Алматы облысының халқының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын  қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы аумағының азық-түлік белдеуі жүйесін құру және одан әрі қолдауға қатысу мақсатында құрылды. 

Сондай-ақ, ҚР жеміс-көкөніс кластерін дамыту мақсатында, Агрофирманың базасында 2010 жылдан бастап «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тамшылатып суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді және өңдеуді дамыту» инвестициялық жобасын іске асыруға кірісті.

 

«Astana Агро» ЖШС

- 2011 жылы құрылды. Осы жобаны іске асырудың мақсаты «Астана қаласының аумағында азық-түлік белдеуін құру»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде  Астана қаласының халқын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.Орналасқан жері – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Мыңбаев ауылы.

Негізгі қызмет түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін егу, сақтау, сату болып табылады.