БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Компания туралы

«Астық қоймалары»  ЖШС «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2003 жылғы 3 қарашадағы шешімімен  құрылды, серіктестіктің жалғыз акционері «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ болып табылады.

«Астық қоймалары»  ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2003 жылғы 6 қарашадағы № №14867-1901- ЖШС.Серіктестіктің негізгі қызмет түрі бидайды сақтау, кептіру, толық дайындау, қайта өңдеу болып табылады.

Өндірістік кәсіпорын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

 

«Астық қоймалары»  ЖШС мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

• автомомбиль және темір жол көлігінде астықты қабылдау/тиеу бойынша қызметтер;

• қажетті кондициялық нормаға дейін астықты кептіру және толық дайындау бойынша қызметтер;

• сақтау тәртібін сақтай отырып, астықты сақтау бойынша қызметтер, сондай-ақ астықтың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар;

• ұн өнімдерін өндіру.

 

Компаниядасапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті өндірістік және көліктік инфрақұрылым бар. 

«Астық қоймалары»  ЖШС-ге 4 астық қабылдау кәсіпорны кіреді. Олардың жалпы астық сақтау сыйымдылығы - 490 мың тоннадан астам. 

Компания қызметінің негізгі мақсаты жауапты сақтауда орналасқан астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.