БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Компания туралы

«Ақ Бидай-Терминалы» акционерлік қоғамының астық терминалы Қазақстан Республикасының Ақтау теңіз портындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.

Терминал Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламысын» іске асыру шеңберінде құрылды, бұл бағдарлама қазақстандық астықты бірінше кезекте Кавказ өңірі мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды тұрақтандыру және кеңейтуге бағытталған.

Терминалдың жалғыз акционері «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ болып табылады.

2007 жылы кәсіпорынға жаңғырту жүргізілді. Терминал әлемнің үздік компаниялары шығарған жоғары технологиялы жабдықтармен қамтамасыз етілді, бұл терминалдың өткізу мүмкіндігін жылына 600 мың тонна астыққа дейін ұлғайтуға жағдай жасады.

  • Терминалдажалпы көлемі 22,5 мың тонна астықты уақытша сақтайтын 11 жер асты қамбасы бар. Терминалдың ауыстырып тиеу бойынша көліктік коммуникацияларының өндірістік қуаты сағатына 350 тонна астық, яғни темір жол вагондарынан тәулігіне 3 мың тоннаға дейін астық қабылдауды, сондай-ақ теңіз кемесіне тәулігіне 4 мың тоннаға дейін астық тиеуді қамтамасыз етеді. 
  •  Терминал тәулік бойы жұмыс істейді, белсенді желдеткіш жүйесімен, жоғары дәлдікті электрондық таразымен және жоғары сапалы қызметті қамтамасыз ететін барлық технологиялық циклды автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған.