Қазақстан бидай өндіру көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына кіреді.

Республикада астық өндіру тек қана астықтың ішкі қажеттілігін қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар өткен жылғы ауыспалы қорларды ескере отырып, жыл сайын жоғары экспортты әлеуетті сақтап тұруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық бидайдың әлемдік астық нарығындағы басты бәсекелестік артықшылығы жоғары сапалы көрсеткіштер болып табылады.

Әлемдік астық нарығындағы қазақстандық астықтың негізгі бәсекелестік артықшылығы өндірілетін ұнның сапасын, одан әрі нан өнімдерінің сапасын арттыратын жоғары сапа көрсеткіштері – протеиннің (белоктың) (12,5%) және шикі дән маңызының (23-30%) санының жоғары болуымен байланысты. 1-3 сыныпты астықтың үлесі Қазақстан Республикасында жыл сайын жалпы түсімнің кем дегенде 70% құрайды.

Корпорация қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі қазақстандық астықтың экспортын дамыту болып табылады.

Бұл бағыт бойынша Корпорация қазақстандық астықтың экспорттық бағытын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ астықты сақтау және экспорттау үшін инфрақұрылымды кеңейтуге  қатысады.

Сонымен қатар Корпорация қазақстандық астықтың өтімінің жаңа нарықтарын, оның ішінде Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Парсы шығанағы бағыттарында игеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге қазақстандық астықтың экспортын және астық нарығының аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Корпорация Қазақстан Республикасының шетелдермен ынтымақтастығы жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссиялардың жұмысына белсенді қатысады.

Сондай-ақ, Корпорация қазақстандық астықты импорттайтын негізгі елдермен.

Атап айтқанда Тәжікстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі, Қырғыз Республикасының мемлекеттік материалдық резервтер қоры, Иранның Үкіметтік сауда корпорациясы (GTC), «КОФКО корпорациясы» (КОФКО) Қытай ұлттық компаниясы.